Мектептің іргетасы 1963 жылы қаланды.

2006 жылы мектепке Махатма Ганди есімі берілді.

2009 жылы «Махатма Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицей» болып қайта құрылды.

2013 жылы мектеп атауы «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» болып өзгертілді.

М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұжымы «Осы әлемді өзіңе қабылдау үшін, сол әлемде өмір сүруді үйрену үшін, сондай-ақ, оны өзгерту үшін даму қажет» қағидасын ұстана отырып, инновациялық ұлттық мектеп болудың алғы шарттарын құрды.