Қамқоршылық кеңесі

М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің «Қамқоршылық кеңесі»

Қамқоршылық кеңес – өз іс-әрекетін ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде ҚР Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары ережелерін басшылыққа ала отырып, Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің ата-аналар комитеті мәжілісінің қаулысымен «Қамқоршылық кеңес» мүшелері бекітіліп, жұмыстары хаттамаланып жүргізілуде.
Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің «Қамқоршылық кеңес» мүшелерінің құрметті төрағасы болып 2017-2018 оқу жылынан «Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі» министрі Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы, «Қамқоршылық кеңес» төрайымы 6 сынып ата-анасы Актабаева Аида сайланып, 06.04 2017ж. кеңейтілген отырысы болып өтті.
«Қамқоршылық кеңес» жұмысының аясында қамқоршылық қорының директоры 5 сынып ата-анасы Айымбетова Ардақ тағайындалып, әрбір кеңес отырысында есебі тыңдалады.
2018-2019 оқу жылында М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің «Қамқоршылық кеңес» мүшелерінің тізімі қайта бекітіліп, стратегиялық, атқарылатын жұмыс жоспарлары, ата-аналармен келісім шарттар бойынша қамқоршылық фонды есебінің жұмыстары жоспарланып атқарылады.
Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейді қолдау мақсатындағы «Қамқоршылық кеңес» жұмысының негізгі бағыттары:
 Білім беру
 Қосымша білім беру
 Спорттық шара және мәдениет
 Халықаралық қатынас
 Пияр, жариялылық
 Асхана
 Қор (фонд)