ЖАС «БИОЗЕРТТЕУШІЛЕРдің» кезекті зерттеу нысаны — «ҚАНҚЫЗ» жәндігі!

ЖАС «БИОЗЕРТТЕУШІЛЕРдің» кезекті зерттеу нысаны — «ҚАНҚЫЗ» жәндігі!
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің негізгі «ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕРГЕ БАУЛУ» ұстынымен жаратылыстану-қоғамдық салларда зерттеу-зерделеу жұмыстарын оң жолға қою — бүгінгі мектептің инновациялық әлеуетін арттыру үшін басты қадам. Биология пәні мұғалімі Құрбанбаева Айгерім жетекшілік ететін «Биозерттеушілер» клубы мүшелерінің зертханадағы кезекті зерттеу ретінде «Өсімдік зиянкестерімен биологиялық күресу шаралары» тақырыбындағы шығармашылық жұмысынан көрініс ұсынамыз. Бидай өсімдігінің зиянкесі
бітемен қоректенетін ҚАНҚЫЗ жәндігінің көбею-өсу процесін жанды тәжірибемен анықтауға тырысқан жас зерттеушілер талпынысы көпке үлгі. Күнделікті тұрмыста иммунитетті көтеру, тері варикоз ауруларына дәрілік өсімдіктердің әсерін бақылау т.б. әралуан ғылыми-практикалық ізденіс жұмыстарының нәтижесі көңіл қуантарлық. Соның бір дәлелі ретінде клуб қатысушылары «Биозерттеушілер» тобының мақсаттары:
«- Әр түрлі биологиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Астық тұқымдасы дақылдарын биологиялық әдіспен қорғау шаралары бидай және бақша дақылдарын қорғау шаралары.
— Оқушыларға астық тұқымдастарының агротехникасын биологиялық зертханада ұйымдастыру» бойынша негізгі тетіктерді игеріп, тәжірибелерін жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *