ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ — ТАБИҒАТ ПЕН КҮЛЛІ ТІРШІЛІК ИЕЛЕРІНІҢ ЖАНДАНҒАН ТОЙЫ

ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН!

Наурыз келіп қар кетті,
Ақ қар көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен зар кетті.
Наурыз келіп жаз кірді
Жаз періште «Әз кірді»
Жан біткенге наз кірді.
Жапырақсыз бұтақтар
Арбағай да сарбағай,
Желек жаппай қалмағай,
Арық тұрақ төрт түлік
Көк жеп жапа тармағай
Қабырға Жаппай қалмағай.
Бізге келген бәлекет
Қармен бірге қаңғырып,
Таудан ары өрлегей.
Мұсылман бетін көрмегей.
Еріп аққан сумен кет!
Көтерілген сумен кет!
Қызарып батқан күнмен кет!
Ағарып атқан таңмен кет!
Жақындамай мал басқа,
Тау-таста өлген аңмен кет!

© ҚАЗАҚ айтады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *