СҮЙІНШІ! ЛИЦЕЙДІҢ ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІЛЕРІ – РЕСПУБЛИКА МАҚТАНЫШТАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

Жыл басы – жағымды жаңалықпен…

«Шалқар» радиосы мен «Тайжарыс-Талант» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткен V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЙЖАРЫС» РАДИОБАЙҚАУЫНЫҢ қорытындысы бойынша жаратылыстану бағытында тереңдетіп әрі ұлттық құндылықтар мен өнер-мәдениетке мейілінше бейім етіп тәрбиелейтін білім ошағы №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицейдің үш бірдей шәкірті жеңіскерлер тұғырынан көрінді. Жалпы білім беретін, арнаулы мектептер, өнер мектептері және қосымша музыка мектептерінің оқушылары арасында өткен республика көлеміндегі кіл өнерпаздар сайысында «Аспапта жеке орындаушылық» номинациясы бойынша орта топ(10-13 жас) қатысушыларының арасында лицей үмітін арқалаған үш оқушының мерейі үстем болды.

Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады, – дегендей-ақ музыка пәнінің мұғалімі Ерназарова Альбина мен оркестр-ансамбль жетекшісі Жүзбембетов Нұрбектің жемісті еңбегі шәкірт жетістігінен көрініс табуда. Балалар өнерін дамытып, Отанымыздың дарынды ұл-қыздарының басын қосу, өнер деген ортақ мүдденің жолында жүрген жас талантардың сахна көріп, сапалы байқауға қатысуына жағдай жасау мақсатында өткізілген байқаудың Бас жеңімпаздары:
Сарқынбай Асанәлі («Ақмешіт» күйі, Қаршыға Ахмедияров) – БАС Жүлде;
Жалғас Әлішер («Арнау» күйі, Қайырғазы Төлен) – ІІ орын;
Пәзілбек Асылбек («Түркмен» күйі, Дәулеткерей ) – ІІІ орын.

Өнер бәйгесіне талаптанып, бағын сынамаққа бекінген жас өскіндер киелі сахнаның төрінде тағы да шеберлігін шыңдап, бабын баптап қайтты.
Жеңістер легі жалғаса берсін!..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *