ЛИЦЕЙ ҰСТАЗДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫНА ҮШ БІРДЕЙ ЖОЛДАМАНЫ ЖЕҢІП АЛДЫ!

Жаншуағы, күншуағы арай ма,   

Ұстаз деген әулиедей талайға.      

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл-фараби, Омар Хаям, Абай да.

 Ұстаз…! Ынталылық пен табандылықты жақтаушы,  жақынға да, жатқа да әділ, жақсылық пен ізгілік көрсетуші…

Сәуірдің алғашқы күні – 1 көкек республикалық сатылы педагогикалық олимпиаданың ІҮ  сатысына сәйкес еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын  жас педагогтар, психологтар мен тәлімгерлер  арасында  шымылдығын  түрген  «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» байқауы болып өтті. Педагогтың жеке шығармашылық кеңістігін  шоғырландыруға, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру  тәсілдерін  және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік беретін атаулы доданың басты мақсаты – жас педагог қызметкерлердің  шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім  жүйесін  жетілдіруге  жас  мұғалімдердің  белсенді кәсіби көзқарасын  қалыптастыру еді. Арнайы Сарапшылар тобы мен Әділқазылар алқасы жасақталып, өнерпаз жас мамандардың қабілеттеріне  шынайы баға беріп, шын  жүйрікті анықтад1.

  1. «Педагогикалық дебют» немесе «Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда қойылған сұрақтармен бірге 3-5 минуттық регламентпен таныстыру);
  2. «Панорамалық сабақ» немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы» кезеңі (регламент 5-7 минут);
  3. Жағдаяттар қоржыны (педситуация) бөлімдерінен тұрады.
  4. Портфолио жинағын бағалау;
  5. «Менің сүйікті мамандығым» атты еркін форматты(250 сөзден кем емес көлемде) толғам-эссе жазып, алдын ала ұйымдастырушылар ұжымы арқылы қазылар алқасына өткізу;
  6. «Өнердің өрі – таланттың төрі» (өнерін көрсету 7 минут) – алты кезеңнен тұратын сайыс өте қызық әрі тартысты өтті.

Сайысқа қатысқан сайыпқыран жас ұстаздар өздерінің көпқырлы зор әлеуетін  таныта отырып, әртүрлі  номинациялармен марапатталды.

Дюсембаева Сымбат – биология  пәнінің  мұғалімі;

Бақытжанұлы Бауыржан – химия   пәнінің  мұғалімі;

Хасанов Бекжан – химия  пәнінің  мұғалімі;

Күдербай Айкен – физика  пәнінің  мұғалімі;

Есмұрзаев Сәбит – география  пәнінің  мұғалімі;

Шалқар  Бекзат  – математика  пәнінің  мұғалімі;

Кендірбай Сәуле – ағылшын тілі  пәнінің  мұғалімі;

Тұрсынова Айзат – еңбек-көркемөнер  пәнінің  мұғалімі;

Нұрлан Әйгерім – лицей психологы.

Сондай-ақ ақтық республика көлеміндегі конкурсқа

«Бас жүлде» иегері – Бауыржан Бақытжанұлы,

І орын жеңімпазы – Бекзат Шалқар,

ІІ орын иегері – Нұрлан Әйгерім   тікелей  жолдама  алып, лицей абыройын қорғайтын болады.

«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ іргесін қалап жатқан маман. Өйткені, ел келешегінің кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.

Түйіндей айтқанда, ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.

ФОТОБАЯН  ҰСЫНАМЫЗ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *