«БҰТАҚ ЖАЙҒАН АҒАШ ҚАРТАЙМАЙДЫ, ҰРПАҚ ЖАЙҒАН АДАМ ҚАРТАЙМАЙДЫ»

«Бір тал кессең, он тал ек» демей ме қазақ даналығы? Ағаш — табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі. Осы даналық ойдың ізімен Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде табиғатқа қамқорлық және мекеме ауласын көгалдандыру мақсатында мектеп аумағына жас талдар отырғызылды. 5 «А» сынып оқушыларының «Ата-аналар кеңесінің» демеушілігімен лицей ауласына 23 түп — жеміс ағашы(алма, өрік, анар, алмұрт т.б.), 1 түп — шырша қара жерге тамырын жайды. «Биология-Химия апталығы» барысында қолға алынған игі шара алдағы уақытта басқа сыныптарда өз жалғасын таппақ!
Мұндай әдет-ғұрып, салт-санасын жас ке­зінен баланың бойына сіңіру арқылы рухани және әлеуметтік, адамгершілік асыл қасие­тін, дүниетанымдық мәдениетін дағдылан­дырып, имандылыққа баулимыз. «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» деген Ы.Алтынсарин атамыздың сөзі осындайда ойға орала­ды.
Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады.
Ойымызды қорыта келе айтарымыз, әр бала ата-ананың ғана емес, табиғаттың да жемісі. Ал сол тамаша жемісті қатар алып жүретін ағаш тамыры деп ойлаймыз. Ағаш тамыры – әке де, діңгегі – ана. Әкелерге тағы бір парыз – балаңыз үшін тағы бір ағаш егіңіз дегіміз келеді.

          

          

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *