ҚҰСТАР ҚАЙТЫП КЕЛГЕНДЕ немесе «ҚҰС ТІРШІЛІГІНІҢ ҚҰПИЯ СЫРЛАРЫ»

Көкек айының алғашқы аптасы  кезекті жаратылыстану пәндерінің  онкүндігі (03-13 сәуір) аясында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде оқушылардың оқушыларға  дала құстарына қамқорлық жасау керектігін ұғындыру мақсатында 2017 жылдың 3-13 сәуір күндері аралығында, оқушылар мектеп ауласына   кұс ұяшықтарын орнатып қамқорлық жасауға үйрету, тотықұсты лицейдің биологиялық зертханада күтім жасау арқылы дүниетанымын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Шараға жауапты: Құрбанбаева Айгерим, Ермурзаев Сәбит  өздерінің  тыңғылықты дайындығы мен  шашаусыз үйлестіру  қабілеттерін көрсетті.

«Құс тіршілігінің құпия сырлары» тақырыбындағы  танымдық-экспериментальды, маусымдық  жұмыстың  мақсаты оқушыларға  дала құстарына қамқорлық жасау керектігін ұғындыру еді. «Лицей оқушылары оларға қолдарынан, ағаштан ұя жасап, арнайы алдына сауыт қойып,  дән, нан қиқымдарын салып, үлестірді. Осылайша біздің дала құсына да пайдамызды тигізе  алатынымызға  балалардың  көзін жеткіздік», –  шара  ұйымдастырушысы  биология  пәнінің  мұғалімі  Айгерім  Құрбанбаева.

Жұмыстың міндеті:

  1. Оқушыларды құстарды қорғай білуге үйрету.
  2. Оқушылардың  бойына мейірімділік пен жанашырлықты қалыптастыру.
  3. Оқушыларды жауапкершілікке және өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
  4. Оқушыларды зоопаркке алып бару,құс ұяшықтарын мектеп ауласына орнату.

ХАЛЫҚ  ҚОРЖЫНЫНАН:

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

Құс баласы қырымға қарайды.

Қаршыға ілген қазға сын.

Қаршығалыға қоян кездеспейді,

Жарақтыға жау жолықпайды.

Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей, боз болмас.

Жапалақ мақтанса,

Жардан қоян алдым дер.

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан алдым дер.

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *