Жаңа форматты «ҰБТ — 2017» үлгісі

2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгеріске ұшырады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы 5 пәннен тұрады: 3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән:
1) Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма;
2) Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма;
3) Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
4) 2 бейіндік пән – 30 тапсырмадан. Оның алғашқы 20 сұрағына бес жауап нұсқасы берілген, ол бес жауап нұсқасының біреуі ғана дұрыс. Сәйкесінше әр дұрыс жауап 1 балл. Ал қалған 10 сұраққа сегіз жауап нұсқасы беріледі: сегіз жауап нұсқасында бір, екі немесе үш дұрыс жауап болуы мүмкін. Бұл талапкердің аталған пәнді қаншалықты жақсы меңгергенін тексеру тәсілі.

«Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ-ны жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. Сонымен қатар, халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалардың 2014, 2015, 2016 жылдары бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар 2017 жылы ҰБТ тапсырудан босатылады.

Жалпы тестілеу 120 сұрақтан тұрады. Бірақ, жоғары балл 140. Ұлттық ЖОО-ға және жалпы медицина мамандығы үшін – 65 балл. «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымы», «Мал дәрігерлігі» топтарындағы мамандықтарға – 60 балл. Өзге ЖОО мен мамандықтар бойынша – 50 балл.

Тестілеудің өткізілетін уақыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы арқылы бекітіледі:
1) Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін (Кешенді Тестілеу 1-20 маусым аралығында);
2) Тестілеуді өткізу: ҰБТ – 20 маусым мен 1 шілде аралығында, Кешенді Тестілеу шілденің 17-сі мен 23-і аралығында;
3) Шығармашылық емтихандардың өткізілу уақыты шілденің 8-інен бастап 13-іне дейін;
4) Арнайы емтихандар 20 маусым мен 18 тамыз аралығында өткізіледі;
5) Қайта тапсыру 19-24 тамыз аралығында (ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар) және 20-24 қаңтар аралығында (Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданғандар және шетелдік оқу орнынан ауысып келушілер).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *