ЛИЦЕЙ МҰҒАЛІМІ ҚАМБАР ТӨРЕҚҰЛОВ – “ТІЛ ШЕБЕРІ”

XXI ғасырды біз жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат – жас ұрпақтың өкілі.
“Жас мұраты, білім, тәлім – талабым…
Өнер, оқу – жастың қару жарағы”, – дейді жыр құлагері  І.Жансүгіров. Жастықтың аты арындап,
Тас қияға өрледің… С Ү Й І Н Ш І !

Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Тіл шебері” атты қалалық байқауда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, ерекше қабілетімен көзге түскені үшін Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Төреқұлов Қамбар Талғатұлы арнайы дипломмен марапатталды. “Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған уақыт…” дейтін Ж.Руссоның нақылнамасының үдесінен шығуға талпынған Қамбар Төреқұлов өзінің бар мүмкіндігін көрсетіп бақты. Жас маманның үйренгенінен әлі үйренері көп екені даусыз, бірақ осындай бойдағы қайрат пен ақыл күшін сынауға салып, өз тәжиребесін байытуға, ысылуға талпынған жасты қолдап-демеу әркімге де дұрыс-ақ. “Ақыл жастан…”, “Жас келсе іске…” Қазақтан қалған сөз бар ма?!

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *