11-сынып оқушыларына АТТЕСТАТ табысталды

Бүгін (12.06.2017) Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 11-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру кеші болып өтті. 11 жылғы еңбектерінің нәтижесімен 44 түлекті құттықтап, лицей директоры Ерұлан Жиенбаев Әсентайұлы мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Искакова Шәмшіханқызы салтанатты түрде аттестат табыстады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша салтанатты жиында биылғы түлеп ұшқалы тұрған 44 түлектің әрбірінің оқу-тәрбие, өнер-ғылым жетістіктері жайында кеңінен айтылып, үлкен  өмірдің қайсыбір өр-ылдиында болмасын Алтын ұя мектебін жадында тұту – адамшылықтан екендігі туралы ата-аналар ағынан жарылып жылы лебізін білдірді.

Лицей бітірушілерінің  6-ауы «Алтын белгі», 5-еуі «Үздік аттестатқа» ұсынылып отыр. Ендігі меже – оқушылар барлық сынақтардан сүрінбей-сәтті өтіп, көңілі қалаған Жоғары оқу орнынының студенті атану. Ал ұлт болашағының шын ұстаханасы – лицей қолдан ұшырған қарлығаштарына ақ жолтай айтып, келесі ұрпақтарды тәрбиелеуді жалғастыра бермек. Өзге өзге сынып оқушылары үшін жазғы каникул кездерінде балалар үшін клубтар, үйірмелер, балалар лагерьлері жұмыс істейтін болады.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін түлектердің көптен күткен сәті де келеді. Түлектер суретке түсіп, жақындары оларға құттықтауларын айтты.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *