ЛИЦЕЙ «АЛТЫН БЕЛГІ» БІТІРУШІЛЕРІ ДӘСТҮРЛІ «ЖАС ТҮЛЕК-2017» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

14.06.2017 ж. Алматыда мектеп бітірушілердің дәстүрлі «Жас түлек-2017» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қалада орта білім туралы аттестатты 7 263 мектеп түлегі алса, олардың 413-і «Алтын белгіге», 627-і үздік аттестатқа қол жеткізді. 6 720 оқушы ҰБТ қатысуға құқылы екендіктерін дәлелдеді.

Алматылық оқушылар 12 жыл қатарынан республикалық олимпиадада бірінші командалық орынды иеленіп келеді. Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарында 15-ші рет жеңімпаз атанса, математика, физика, химия және биология пәндерінен 11-ші сынып оқушылары арасында өткен Президенттің олимпиадасында биыл төртінші рет жеңіс тұғырына көтерілді.

Алматылық оқушылар тек 2017 жылдың өзінде ғана 59 алтын, 75 күміс, 90 қола медальді қанжығаларына байлады. Жалпы есептегі  “АЛТЫН БЕЛГІнің” 6-уын Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің түлектері құрайды. Олар:

Ермекқызы Жанерке

Жұмажанов Есімхан

Уәли Ибраһим

Сабырова Нұрсұлу

Тұрсын Ернар

Серікқызы Мөлдір

Салтанатты кешке лицей директоры Жиенбаев Ерұлан Әсентайұлы, ата-аналар мен сынып жетекшілер  қатысып  жас  түлектерге  ақ жол тілеп, жақсылыққа, биік шыңға жол сілтеді.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *