ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ПСИХОЛОГТАРЫ, ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРІ МЕН ТӘЛІМГЕР-МАМАНДАРЫНЫҢ СЕКЦИЯСЫ

Кеше, 17.08.2017 жылы Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде дәстүрлі оқуы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін барлық типтегі жалпы орта білім беретін мектептердің психологтері, әлеуметтік педагогтері мен тәлімгер-мамандарының секциясының “БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ ШАРТЫ” атты тақырыпта тамыз кеңесі мәжілісі болып өтті. Келелі жиынның құрметті қонақтары мен қозғаушы күші ретінде Сахова А.А.(«ҚӘК» ҒӘЗ әдіскері), Казанцева И.Э. (п.ғ.к., РНҒА мүшесі, Мәскеу қ., №9 мектеп психологы), Елшібаева К. Ғ.(PhD докторы, профессор, психолог-кинезолог, «Жан шуағы» психология орталығының директоры), Перленбетов М.А. (п.ғ.д., профессор. Қазақ Психология Қоғамының президенті), Бейсенбаев Ғ. Б. (психология ғылымының кандидаты, профессор), Коканова В.С. (психолог, психология ғылымдарының магистрі, ФАО ҰОПК «Өрлеу» ИПК ПР Алматы қ.) т.б. қатысты.
Пленарлық отырыс барысында мінбеде қазіргі таңның өзекті мәселесі «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті үдерісінің алдын алу жолдары», «Рухани жаңғырудың педагогикалық-психологиялық аспектілері», «Мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» тақырыптарында баяндамалар жасалды. 5 секция бойынша шеберлік сабақтар өтті. Айтулы шараны ұйымдастыруға атсалысқан белсенді үйлестірушілер тобының мүшелері: әлеуметтік педагог Чалгинбаева Толқын, мектеп психологы Нұрлан Айгерім, аға тәлімгер Шамшихан Айгерімге жүйелі дайындығы мен тиянақтылығы үшін көпшілік ыстық ықыласы мен өз алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *