“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ – Hyundai Premium Almaty-ның қайырымдылық шарасы(Фотобаян)

ЖАНАРЫНДА ШАТТЫҚ ОЙНАҒАН БАЛАЛАР HYUNDAI PREMIUM ALMATY-ҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ!

Адамгершілікке бастайтын жақсылықты жасаудан жалықпау – адамның ең ұлы қасиеті. Содан болар Жер-әлемнің жүрегі әлі де соғып тұр. Жақсылық атаулы қашан құрдымға кетсе тіршілік өз тынысын сонда үзбек. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының концепциясына сай «жақсылықта жарысу» – қоғамды мерездіктен, тасбауырлықтан айықтырып, нұрландыруышы» шипалы іс! Бүгін(25.05.2017) «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицейінде «Астана Моторс» ҚМК-ның құрамдас бөлігі Hyundai Premium Almaty автоорталығының (әл-Фараби филиалы) демеушілігімен Бостандық ауданының әлеуметтік аз қамтылған отбасы және көпбалалы отбасы мектеп жасындағы балаларға оқу құралдарымен қамтылған оқушы сөмкесін сыйлық ретінде үлестірді. Қазақстандағы Hyundai Motor Company корей компаниясының ресми дистрибьюторы ретінде ел нарығында әлемге әйгілі сегіз автокөлік брендтерін ұсынатын, 2014 жылы 20 маусымында ашылған премиум Hyundai Premium Almaty автоорталықтың бұл игі ісі көпке өнеге болса керек-ті. Мемлекетіміздің орта-ірі кәсіпкерлік орталықтары жалпыхалықтық деңгейде көпе көрінеу емес, шын ықыластарымен болашақ ұрпақ үшін тұрақты түрде әртарапты қолдау көрсетіп отырса, екінші мыңжылдықтың ең озат қайраткерлері өз Отанымыздан шығатынына шүбә болмас еді. «Мейірім танытпаған, өзі мейірімге бөленбейді», – дейді халық даналығы. 50 оқушыға қажетті оқу құралдарын тарту еткен үлкен аға буынның үлгілі ісіне алғыс айтып өскен, мейірім-шапқатқа бөленген баланың жаны ізгілікке құштар болмауы мүмкін емес. Ендігі үміт – келелі істің ел ішінде кеңінен қолдау табуын тілейміз!

 

Алматы қалалық Махатма Ганди атындағы 

№92 мамандандырылған лицейдің 

Баспасөз бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *