Архив рубрики: Негізгі

Slider

previous arrow
next arrow
Slider

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ — Hyundai Premium Almaty-ның қайырымдылық шарасы(Фотобаян)

ЖАНАРЫНДА ШАТТЫҚ ОЙНАҒАН БАЛАЛАР HYUNDAI PREMIUM ALMATY-ҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ!

Адамгершілікке бастайтын жақсылықты жасаудан жалықпау – адамның ең ұлы қасиеті. Содан болар Жер-әлемнің жүрегі әлі де соғып тұр. Жақсылық атаулы қашан құрдымға кетсе тіршілік өз тынысын сонда үзбек. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының концепциясына сай «жақсылықта жарысу» – қоғамды мерездіктен, тасбауырлықтан айықтырып, нұрландыруышы» шипалы іс! Бүгін(25.05.2017) «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицейінде «Астана Моторс» ҚМК-ның құрамдас бөлігі Hyundai Premium Almaty автоорталығының (әл-Фараби филиалы) демеушілігімен Бостандық ауданының әлеуметтік аз қамтылған отбасы және көпбалалы отбасы мектеп жасындағы балаларға оқу құралдарымен қамтылған оқушы сөмкесін сыйлық ретінде үлестірді. Қазақстандағы Hyundai Motor Company корей компаниясының ресми дистрибьюторы ретінде ел нарығында әлемге әйгілі сегіз автокөлік брендтерін ұсынатын, 2014 жылы 20 маусымында ашылған премиум Hyundai Premium Almaty автоорталықтың бұл игі ісі көпке өнеге болса керек-ті. Мемлекетіміздің орта-ірі кәсіпкерлік орталықтары жалпыхалықтық деңгейде көпе көрінеу емес, шын ықыластарымен болашақ ұрпақ үшін тұрақты түрде әртарапты қолдау көрсетіп отырса, екінші мыңжылдықтың ең озат қайраткерлері өз Отанымыздан шығатынына шүбә болмас еді. «Мейірім танытпаған, өзі мейірімге бөленбейді», – дейді халық даналығы. 50 оқушыға қажетті оқу құралдарын тарту еткен үлкен аға буынның үлгілі ісіне алғыс айтып өскен, мейірім-шапқатқа бөленген баланың жаны ізгілікке құштар болмауы мүмкін емес. Ендігі үміт – келелі істің ел ішінде кеңінен қолдау табуын тілейміз!

 

Алматы қалалық Махатма Ганди атындағы 

№92 мамандандырылған лицейдің 

Баспасөз бөлімі

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ПСИХОЛОГТАРЫ, ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРІ МЕН ТӘЛІМГЕР-МАМАНДАРЫНЫҢ СЕКЦИЯСЫ

Кеше, 17.08.2017 жылы Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде дәстүрлі оқуы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін барлық типтегі жалпы орта білім беретін мектептердің психологтері, әлеуметтік педагогтері мен тәлімгер-мамандарының секциясының «БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ ШАРТЫ» атты тақырыпта тамыз кеңесі мәжілісі болып өтті. Келелі жиынның құрметті қонақтары мен қозғаушы күші ретінде Сахова А.А.(«ҚӘК» ҒӘЗ әдіскері), Казанцева И.Э. (п.ғ.к., РНҒА мүшесі, Мәскеу қ., №9 мектеп психологы), Елшібаева К. Ғ.(PhD докторы, профессор, психолог-кинезолог, «Жан шуағы» психология орталығының директоры), Перленбетов М.А. (п.ғ.д., профессор. Қазақ Психология Қоғамының президенті), Бейсенбаев Ғ. Б. (психология ғылымының кандидаты, профессор), Коканова В.С. (психолог, психология ғылымдарының магистрі, ФАО ҰОПК «Өрлеу» ИПК ПР Алматы қ.) т.б. қатысты.
Пленарлық отырыс барысында мінбеде қазіргі таңның өзекті мәселесі «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті үдерісінің алдын алу жолдары», «Рухани жаңғырудың педагогикалық-психологиялық аспектілері», «Мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» тақырыптарында баяндамалар жасалды. 5 секция бойынша шеберлік сабақтар өтті. Айтулы шараны ұйымдастыруға атсалысқан белсенді үйлестірушілер тобының мүшелері: әлеуметтік педагог Чалгинбаева Толқын, мектеп психологы Нұрлан Айгерім, аға тәлімгер Шамшихан Айгерімге жүйелі дайындығы мен тиянақтылығы үшін көпшілік ыстық ықыласы мен өз алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

ЛИЦЕЙ «АЛТЫН БЕЛГІ» БІТІРУШІЛЕРІ ДӘСТҮРЛІ «ЖАС ТҮЛЕК-2017» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

14.06.2017 ж. Алматыда мектеп бітірушілердің дәстүрлі «Жас түлек-2017» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қалада орта білім туралы аттестатты 7 263 мектеп түлегі алса, олардың 413-і «Алтын белгіге», 627-і үздік аттестатқа қол жеткізді. 6 720 оқушы ҰБТ қатысуға құқылы екендіктерін дәлелдеді.

Алматылық оқушылар 12 жыл қатарынан республикалық олимпиадада бірінші командалық орынды иеленіп келеді. Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарында 15-ші рет жеңімпаз атанса, математика, физика, химия және биология пәндерінен 11-ші сынып оқушылары арасында өткен Президенттің олимпиадасында биыл төртінші рет жеңіс тұғырына көтерілді.

Алматылық оқушылар тек 2017 жылдың өзінде ғана 59 алтын, 75 күміс, 90 қола медальді қанжығаларына байлады. Жалпы есептегі  «АЛТЫН БЕЛГІнің» 6-уын Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің түлектері құрайды. Олар:

Ермекқызы Жанерке

Жұмажанов Есімхан

Уәли Ибраһим

Сабырова Нұрсұлу

Тұрсын Ернар

Серікқызы Мөлдір

Салтанатты кешке лицей директоры Жиенбаев Ерұлан Әсентайұлы, ата-аналар мен сынып жетекшілер  қатысып  жас  түлектерге  ақ жол тілеп, жақсылыққа, биік шыңға жол сілтеді.

 

 

11-сынып оқушыларына АТТЕСТАТ табысталды

Бүгін (12.06.2017) Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 11-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру кеші болып өтті. 11 жылғы еңбектерінің нәтижесімен 44 түлекті құттықтап, лицей директоры Ерұлан Жиенбаев Әсентайұлы мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Искакова Шәмшіханқызы салтанатты түрде аттестат табыстады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша салтанатты жиында биылғы түлеп ұшқалы тұрған 44 түлектің әрбірінің оқу-тәрбие, өнер-ғылым жетістіктері жайында кеңінен айтылып, үлкен  өмірдің қайсыбір өр-ылдиында болмасын Алтын ұя мектебін жадында тұту – адамшылықтан екендігі туралы ата-аналар ағынан жарылып жылы лебізін білдірді.

Лицей бітірушілерінің  6-ауы «Алтын белгі», 5-еуі «Үздік аттестатқа» ұсынылып отыр. Ендігі меже – оқушылар барлық сынақтардан сүрінбей-сәтті өтіп, көңілі қалаған Жоғары оқу орнынының студенті атану. Ал ұлт болашағының шын ұстаханасы – лицей қолдан ұшырған қарлығаштарына ақ жолтай айтып, келесі ұрпақтарды тәрбиелеуді жалғастыра бермек. Өзге өзге сынып оқушылары үшін жазғы каникул кездерінде балалар үшін клубтар, үйірмелер, балалар лагерьлері жұмыс істейтін болады.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін түлектердің көптен күткен сәті де келеді. Түлектер суретке түсіп, жақындары оларға құттықтауларын айтты.

 

9-сынып түлектеріне орта білім туралы аттестат табыстау кеші

Бүгін(12.06.2017) Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 9-сынып түлектеріне орта білім туралы аттестат тапсыру кеші болып өтті. 9 жылғы еңбектерінің нәтижесімен 51 түлекті құттықтап, лицей директоры Ерұлан Жиенбаев Әсентайұлы мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Искакова Шәмшіханқызы салтанатты түрде аттестат табыстады.

 

«Су биотехнологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының жас ғалымдары «ТАҢШОЛПАНДА»

Махатма Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 лицейде алғаш рет суды зерттейтін мектеп зертханасы ашылды. Кәсіби зертхананы дарынды балаларға Asia Waters халықаралық холдингі сыйға тартқан.

Өндіруші компания сыйға тартқан зертхана ауыз су мен емдік суды 19 параметр бойынша толыққанды зерттеуден өткізеді. Сонымен бірге физиологиялық құрамын анықтап, оның адам ағзасына қаншалықты пайдалы, ішуге жарамды екенін зерттеуге мүмкіндік бермек.
Мұндай зертханалар тек ауыз су шығаратын кәсіпорындар мен СЭС-тарда ғана бар екенін айта кеткен жөн.

Айта кету керек, зертхана арнайы жабдықпен толыққанды жабдықталған. Олар: аквадистиллятор, микроскоп, кептіру және сору құрылғылары, қыздыру пештері мен плиталары, судың pH-балансы мен лайлылығын өлшейтін құралдар, спектрофотометр, кондуктометрлер. Сондай-ақ, зертханада оқу жылының соңына дейін толық жететін қажетті жиһаз, ыдыс, қорғаныс құралдары мен химиялық реактивтер бар.

Зертхананың монтажын Asia Waters ғылыми-зерттеу бөлімшесінің мамандары 2016 жылғы желтоқсан айында жасаған. Ал 2017 жылдың басынан бастап лицей оқушылары Алматы мен Алматы облысындағы кей қайнар көздерге талдау жасап үлгерген.

Сонымен бірге, оқушылар химия-биологиялық көрсеткіштері мен минералды құрамы көрсетілген топографиялық карта әзірлеу жұмысына кірісіп кеткен.

Енді оқушылар Алматыдағы дүкен сөрелерінде сатылатын бөтелкеге құйылған барлық суларға ғылыми талдау жасауды жоспарлап отыр. Олар сатылымдағы сулардың ҚР мемлекетттік сулар стандарты мен ауыз сулардың физиологиялық толыққандылық халықаралық стандарттына сәйкестігін тексермек.

Зертхананы іске қосу аясында лицей оқушылары мен ондағы бейінді оқытушылар құрамы  арнайы жабдықтың жұмыс істеу қағидалары бойынша оқытудан өтті. Сонымен бірге су ерітінділерін әзірлеу мен су талдауын жасау тәжірибесін үйренді.

Бүгінгі таңда Ганди атындағы №92 лицей инновациялық білім беру технологияларының 12 патентіне ие. Лицейдегі оқыту физика-ғарыштық, химия-биологиялық, IT технологиялары секілді үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Ал «Су биотехнологиялары» зертханасы пайда болғалы бері жаңа жылдан бастап химия-биология бағытындағы оқушыларға арнап факултативті сабақтар енгізу жоспарда бар.

 

Жаңалық мектеп партасынан басталады

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Оқушылардың ғылыми-ізденіс шығар­машылық жұмыстары – Ұлттық инновациялық мектеп моделін қалыптастырудың кепілі» атты көрме өтті. Қала көлемінде өткен шараға 40-қа жуық мектеп оқушылары қатысты.

Оқушыларды ақпараттық технология бағытына бейімдеу үшін жоғарғы білікті мамандар мен материал­дық база қажет екені белгілі. «Ұлттық инно­вациялық мектеп» құру ең алдымен мектептің материалдық базасы мен ғылыми-инновациялық әдістемелік жұмыстарын және тәрбие жүйесін жандандыру арқылы жүзеге асады. Осы ретте көрменің есте қа­лар­лық оқиғасы – үш бірдей то­лыққанды зерттеу жүргізу орталық­тары­ның ресми тұсаукесері болды. Олар – «3D графика-робот техникасы кластері», «Судың химиялық қасиет­терін зерттеу зертханасы» мен «Ұжымдық радиостанция-байланыс кабинеті». Шара қатысушылары мен қонақтары бір емес бірнеше зерттеу институттарының жүгін көтер­ген «жас ғалым оқушыларға» сәттілік тіледі.
Алматы қаласының радио әуес­қой­лар ұжымының көмегімен мектепте жапондық трансиверлермен жабдықталған ұжымдық радиостанция жұмысын бастады. Ұзындығы 14 метр болатын мектеп шатырына орналастырылған A-4S «Яги» типті арнайы антеннаның көмегімен Жер бетінің барлық нүктесімен және ғарыш кемелерімен 7 МГц жиілік­тегі радиотолқын арқылы байланыс орнатуға болады. Ұжымдық радиостанцияда 30 оқушы шеберлігін шыңдап, тәжірибелер жүргізіп келеді. Көрме барысында клуб мүшелері алдағы уақытта «ЭКСПО – 2017» жобасын тікелей дүние жүзіне ­насихаттау жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш лицейде судың хи­миялық құрамын зерттеуге ар­налған зертхана жұмыс істейді. Зерт­ханада оқушылар судың химия­лық құрамын зерттеуге арналған 20-дан астам зертханалық жұмыстар жүргізуде. Қазіргі кезде лицей оқушылары «Алматы қаласы мен қала маңы елді мекендеріндегі су көздерінің топографиялық картасын жасау» атты тұрғындар тұтынатын барлық су көздерінің сапалық құрамын зерттейтін жобаны жүзеге асыруда. Көрме барысында ел назарын өзіне еріксіз тартқан зерттеу көпшіліктің назарын аударды.
Тамашалаушыларды таңдай қақтырып тамсандырған ғылыми-инновациялық жоба жұмыстарымен жете танысқан көрме көрермендері жас өскін ұрпақтың ғылымға мейлінше бейімдігіне жоғары бағасын беріп, жылы лебізін білдіріп жатты. Сондай-ақ көрмеге өз жобаларын ұсынған №191 мектеп, «Білім инновациялық мектептері», С.Демирел атындағы колледж оқушыларының еңбектері көптің назарын аударды.
М.Ганди атындағы ­
№92 мамандандырылған лицейінің Баспасөз бөлімі 

anatili.kazgazeta.kz

  

ЛИЦЕЙ МҰҒАЛІМІ ҚАМБАР ТӨРЕҚҰЛОВ — «ТІЛ ШЕБЕРІ»

XXI ғасырды біз жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат – жас ұрпақтың өкілі.
«Жас мұраты, білім, тәлім – талабым…
Өнер, оқу – жастың қару жарағы», — дейді жыр құлагері  І.Жансүгіров. Жастықтың аты арындап,
Тас қияға өрледің… С Ү Й І Н Ш І !

Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл шебері» атты қалалық байқауда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, ерекше қабілетімен көзге түскені үшін Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Төреқұлов Қамбар Талғатұлы арнайы дипломмен марапатталды. «Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған уақыт…» дейтін Ж.Руссоның нақылнамасының үдесінен шығуға талпынған Қамбар Төреқұлов өзінің бар мүмкіндігін көрсетіп бақты. Жас маманның үйренгенінен әлі үйренері көп екені даусыз, бірақ осындай бойдағы қайрат пен ақыл күшін сынауға салып, өз тәжиребесін байытуға, ысылуға талпынған жасты қолдап-демеу әркімге де дұрыс-ақ. «Ақыл жастан…», «Жас келсе іске…» Қазақтан қалған сөз бар ма?!