№92 лицей өнерпаздары Республикалық Балалар мен жастардың музыкалық Шеруіне қатысады

Облыстық орталықтарда, Астана және Алматы қалаларында Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруі өткізіледі

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдардың және басқа қызығушылық танытқан ведомстволар мен ұйымдардың қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күні (ағымдағы жылғы 1 маусым) Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруін өткізуді жоспарлап отыр.

Шерудің мақсаты – бұл «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту.

Шерудің міндеттері балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттыру ғана емес, өзінің білім ұйымына мақтаныш және қатыстылығын қалыптастыру, республиканың білім мекемелерінің беделін көтеру және жарнамалау. Шеру – бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция.

Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болады.

Бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтеді.

Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың аранжирлеушілік түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтін бірігуі: ән айту, қимыл, аспаптарда ойнау; музыкалық ұжымның бірыңғай формасы; бұнын барлығы балалық шақ мейрамын ең жарқын және есте қаларлықтай көрініс етеді. Музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудыру әсерлі тыныс береді.

Шеру — музыкалық ұжымның әр қатысушы үшін көркем-эстетикалық дамудың түрі, балалардың, педагогтер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсететін орасан зор мүмкіндік.

Шеруді дайындауға оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді қосылды.

Пресс-релиз

в областных центрах, г.г. Астана, Алматы будет проведен Парад детских и молодежных  музыкальных оркестров и ансамблей

Министерством образования и науки Республики Казахстан при поддержке местных исполнительных органов и других заинтересованных ведомств и организаций планируется в  Международный день защиты детей (1 июня т.г.) проведение Парада детских и молодежных музыкальных оркестров и ансамблей.

Цель Парада — это поддержка и развитие парадного, улично-фестивального шествия школьников и студентов как фактора эстетического и патриотического воспитания в условиях реализации общенациональной идеи«Мәңгілік Ел».

Задачами Парада являются не только повышение уровня музыкальной культуры детей и молодежи, но и   формирование чувства гордости и принадлежности к своей организации образования, подъем престижа и реклама учебных заведений республики. Парад — это широкомасштабная республиканская акция, которая объединит все образовательные организации нашей страны.

Данное мероприятие станет уникальным событием в культурной жизни республики, так как проводится впервые.

Одновременно в каждом областном центре, городе республиканского значения и столице в этот день по центральным улицам и проспектам пройдут отряды барабанщиков, духовые оркестры и ансамбли, мажоретки, черлидиры, хоровые и танцевальные коллективы.

Интересный репертуар, разнообразие музыкальных инструментов, оригинальность аранжировок произведений, соединение в выступлении нескольких видов музыкальной деятельности: пение, движение, игра на инструментах; униформа музыкального коллектива всё это сделает  праздник детства одним из самых ярких и запоминающихся зрелищ. Созданию праздничной атмосферы придаст захватывающий  дух музыкально-театрализованного шествия.

Для каждого участвующего музыкального коллектива Парад — форма художественно-эстетического развития, грандиозный шанс показать творческие достижения детей, педагогов и родителей.

В подготовку Парада активно включились школьники, студенты, учителя школ, преподаватели колледжей и ВУЗов, родители и представители культуры и спорта.

 

Жаңа форматты «ҰБТ — 2017» үлгісі

2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгеріске ұшырады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы 5 пәннен тұрады: 3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән:
1) Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма;
2) Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма;
3) Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
4) 2 бейіндік пән – 30 тапсырмадан. Оның алғашқы 20 сұрағына бес жауап нұсқасы берілген, ол бес жауап нұсқасының біреуі ғана дұрыс. Сәйкесінше әр дұрыс жауап 1 балл. Ал қалған 10 сұраққа сегіз жауап нұсқасы беріледі: сегіз жауап нұсқасында бір, екі немесе үш дұрыс жауап болуы мүмкін. Бұл талапкердің аталған пәнді қаншалықты жақсы меңгергенін тексеру тәсілі.

«Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ-ны жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. Сонымен қатар, халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалардың 2014, 2015, 2016 жылдары бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар 2017 жылы ҰБТ тапсырудан босатылады.

Жалпы тестілеу 120 сұрақтан тұрады. Бірақ, жоғары балл 140. Ұлттық ЖОО-ға және жалпы медицина мамандығы үшін – 65 балл. «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымы», «Мал дәрігерлігі» топтарындағы мамандықтарға – 60 балл. Өзге ЖОО мен мамандықтар бойынша – 50 балл.

Тестілеудің өткізілетін уақыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы арқылы бекітіледі:
1) Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін (Кешенді Тестілеу 1-20 маусым аралығында);
2) Тестілеуді өткізу: ҰБТ – 20 маусым мен 1 шілде аралығында, Кешенді Тестілеу шілденің 17-сі мен 23-і аралығында;
3) Шығармашылық емтихандардың өткізілу уақыты шілденің 8-інен бастап 13-іне дейін;
4) Арнайы емтихандар 20 маусым мен 18 тамыз аралығында өткізіледі;
5) Қайта тапсыру 19-24 тамыз аралығында (ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар) және 20-24 қаңтар аралығында (Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданғандар және шетелдік оқу орнынан ауысып келушілер).

Лицейде ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР жиналысы болып өтті

12.05.2017 жылы Қазақстан Республикасы көлемінде Жалпыұлттық ата-аналар жиыны болып өтті. Бұл жиналыста ұйымдастырушылық мәселелер, мектептегі білім-тәрбие ісі, оқу мен оқыту үдерісі және Қамқоршылар кеңесінің құрылуы жөнінде мағлұматтар алып, ата-аналар өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға жауаптар алды. Осыған орай балалардың сапалы біліп алып, олардың бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін жаңартылған мазмұн енгізіліп, еліміздің мұғалімдері педагогтардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасы аясында жаппай оқытылып жатыр. Ата-аналар жиналысында мектеп әкімшілігі Қамқоршылар кеңесінің жұмысын, кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқылады.

Келесі 2017-2018 оқу жылына қатысты тәрбие мәселесі, Абайтану-Баянауыл танымдық сапар-маршуты жайлы кеңінен ақпарат берілді. «Абай жолы» роман-эпопеясын жаппай ата-анамен бірге баланы оқытудың  методикасы талқыланып, көпшіліктің ұсынысымен бірден қолдау тауып «№92 лицей — оқырман мектеп» жобасы қабылданды.

         

12 МАМЫР — ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Құрметті, ата-аналар! Сіздерді №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицей әкімшілігі мен ұжымы 12 мамыр, кешкі сағат 18:30-да мектеп ғимаратында күтеді.

 

«БАБАЛАР ІЗІМЕН» БАЛАЛАР ЖҮРІП КЕЛЕДІ

«Алматы — АБАЙ — Семей» сапары

№92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицейі «ҰЛЫ ДАЛА ТӨСІНДЕ» атты ӘДЕБИ-ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЛИЦЕЙ ЭКСКУРСИЯ ТОБЫ 06.05-09.05 күндері арнайы ШҚО, Аягөз ауд. — Абай ауд. — Семей қ. бағытында тәрбиелік мәні зор саяхат ұйымдастырылды. 50-ге жуық лицей ұстаздары мен оқушыларынан құрылған топ 2200-ден астам шақырым жол жүрсе де қызықты саяхаттың әсерінен шаршап-шалдығуға бой алдырмады. «Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» иделогиялық бағдарламалық мақалада көрсетілген «ТУҒАН ЖЕР» жобасы аясында «АЛАШОРДА» үкіметінің құрылуының 100 жылдығы мен заңғар жазушы-энциклопедист М.ӘУЕЗОВТІҢ 120 жылдық мерейтойы қарсаңында «БАБАЛАР ІЗІМЕН» сериялық экскурсиясын алдағы уақытта мәдени өнімдерді зерттеп-талдаушы экспедициялық деңгейге көтеру жоспарлануда. Жастардың бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, оның маздауына себеп болатын аталмыш бастамалардың септігі орасан. Эксурсия барысында оқушыларға Абайтану курсы бойынша берілген проблемалық тақырыптарды талдау арқылы «ВАГОНДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУ» жүргізіліп, Абай-Шәкәрім кесенелеріндегі аспанасты амфитеатрында ақындардың жырлары құранмен қоса қайта-қайта бағышталды. Көтеріңкі көңіл күймен, рухани мол байлықпен оралғандар Семей — Шағыл — Күшікбай кезеңі — Бөрілі — Ералы жазығы — Еңлік-Кебек — Қарауыл — Жидебай бағыты бойынша жүріп, «Абай жолы роман-эпопеясындағы тарихи оқиғалар мен жерлермен танысып қайтты.
Лицей оқушылары сапар соңында өз әсерлерін айтысып, эссе түрінде ақ қағазға түсірді. 

Шара барысында Абай аудандық оқу бөліміне қарасты Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі мен №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицей арасында өзара «Абайтану» орталығы бойынша желілік қоғамдастық құру арқылы жаңа жұмыс жоспарлары талқыланды. Алдағы уақытта Абайтану өрісін оқушылар арасында онлайн-лингафонды режимде көпвекторлы қарым-қатынасты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Экскурсияның табысты әрі қызықты өтуіне қолдау көрсеткен Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің директоры Тлеуханов Роллан Рымханұлы мен мектеп ұжымына, сондай-ақ ұшса құстың қанаты талатын алыс қашықтықтарды жақындатқан екі автобус жүргізушілеріне, һәм мереке күндері демалыссыз қызмет көрсетіп, бар білгенін бөліскен мұражай қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.
«Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!» деген кәделі ой түйіп қайтқан жастардың көздері от шарпып тұр.
Бүтін ұлт абызы Асан қайғының
«Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін» — дейтіні бар. Ел-жер көріп, жақсысына сүйсініп, үлгі еткен де бәйге озары анық.

ҚОСЫМША ДЕРЕК:
Жидебай қорық алқабы Бөрілі ауылынан 5 шақырымда орналасқан. «Жидебай» қорықты мұражайы 6400 га жерді қамти отырып, Абайдың (8 залды) экспозициялы мұражай үйін, Абайдың мұражай үйін «Абай – Шәкәрім», мавзолей кешенімен бірге қосады, мұнда Оспан (Абайдың інісі), Шәкәрім (Абайдың немере інісі), Ахат (Шәкәрімнің ұлы) және Еркежан (Абайдың әйелі) жерленген. Абай кешені – бұл тек қорғалатын қабір орны емес, мұнда әрдайым сан түрлі еске алу шаралары жүргізіледі және осында тарихпен ғана танысып қоймай, Қазақстанның заманауи өмірі туралы көбірек үйренуге болады. Семейден 180 шақырым жердегі Жидебай мекенінде, Қарауыл ауылының Абай ауданынан 25 шақырымда орналасқан.

ФОТОБАЯН

          

«Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма»

ҚҰСТАР ҚАЙТЫП КЕЛГЕНДЕ немесе «ҚҰС ТІРШІЛІГІНІҢ ҚҰПИЯ СЫРЛАРЫ»

Көкек айының алғашқы аптасы  кезекті жаратылыстану пәндерінің  онкүндігі (03-13 сәуір) аясында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде оқушылардың оқушыларға  дала құстарына қамқорлық жасау керектігін ұғындыру мақсатында 2017 жылдың 3-13 сәуір күндері аралығында, оқушылар мектеп ауласына   кұс ұяшықтарын орнатып қамқорлық жасауға үйрету, тотықұсты лицейдің биологиялық зертханада күтім жасау арқылы дүниетанымын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Шараға жауапты: Құрбанбаева Айгерим, Ермурзаев Сәбит  өздерінің  тыңғылықты дайындығы мен  шашаусыз үйлестіру  қабілеттерін көрсетті.

«Құс тіршілігінің құпия сырлары» тақырыбындағы  танымдық-экспериментальды, маусымдық  жұмыстың  мақсаты оқушыларға  дала құстарына қамқорлық жасау керектігін ұғындыру еді. «Лицей оқушылары оларға қолдарынан, ағаштан ұя жасап, арнайы алдына сауыт қойып,  дән, нан қиқымдарын салып, үлестірді. Осылайша біздің дала құсына да пайдамызды тигізе  алатынымызға  балалардың  көзін жеткіздік», –  шара  ұйымдастырушысы  биология  пәнінің  мұғалімі  Айгерім  Құрбанбаева.

Жұмыстың міндеті:

  1. Оқушыларды құстарды қорғай білуге үйрету.
  2. Оқушылардың  бойына мейірімділік пен жанашырлықты қалыптастыру.
  3. Оқушыларды жауапкершілікке және өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
  4. Оқушыларды зоопаркке алып бару,құс ұяшықтарын мектеп ауласына орнату.

ХАЛЫҚ  ҚОРЖЫНЫНАН:

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

Құс баласы қырымға қарайды.

Қаршыға ілген қазға сын.

Қаршығалыға қоян кездеспейді,

Жарақтыға жау жолықпайды.

Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей, боз болмас.

Жапалақ мақтанса,

Жардан қоян алдым дер.

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан алдым дер.

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

ӘСКЕРИ ТӘЛІМГЕРЛЕР МЕН SDU МАМАНДАРЫ — «ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚ» МІНБЕРІНДЕ

«№92 ЛИЦЕЙЛІКТЕР ДОСТАРДЫ ҚАРСЫ АЛАДЫ» атты Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернатының жас курсанттары мен жетекшілері, сондай-ақ SDU(Сүлеймен Демирел Университеті) ЖОО-ның арнайы өкілдерінен құрылған оқу-тағылымдық экскурсия тобы Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы 92 мамандандырылған лицейінде арнайы қонақ болып қайтты. «Ақыл — тозбас тон, Білім — таусылмас кен» деп білетін дана халықтың ұрпақтары өзара ғылыми инновация мен жастар ісін дамытуда тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп, бір-бірімен достық лебізбен жақынырақ танысты. Жастары парасатты жұрт — дүниенің көш басынан көрінеді!

 

«БҰТАҚ ЖАЙҒАН АҒАШ ҚАРТАЙМАЙДЫ, ҰРПАҚ ЖАЙҒАН АДАМ ҚАРТАЙМАЙДЫ»

«Бір тал кессең, он тал ек» демей ме қазақ даналығы? Ағаш — табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі. Осы даналық ойдың ізімен Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде табиғатқа қамқорлық және мекеме ауласын көгалдандыру мақсатында мектеп аумағына жас талдар отырғызылды. 5 «А» сынып оқушыларының «Ата-аналар кеңесінің» демеушілігімен лицей ауласына 23 түп — жеміс ағашы(алма, өрік, анар, алмұрт т.б.), 1 түп — шырша қара жерге тамырын жайды. «Биология-Химия апталығы» барысында қолға алынған игі шара алдағы уақытта басқа сыныптарда өз жалғасын таппақ!
Мұндай әдет-ғұрып, салт-санасын жас ке­зінен баланың бойына сіңіру арқылы рухани және әлеуметтік, адамгершілік асыл қасие­тін, дүниетанымдық мәдениетін дағдылан­дырып, имандылыққа баулимыз. «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» деген Ы.Алтынсарин атамыздың сөзі осындайда ойға орала­ды.
Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады.
Ойымызды қорыта келе айтарымыз, әр бала ата-ананың ғана емес, табиғаттың да жемісі. Ал сол тамаша жемісті қатар алып жүретін ағаш тамыры деп ойлаймыз. Ағаш тамыры – әке де, діңгегі – ана. Әкелерге тағы бір парыз – балаңыз үшін тағы бір ағаш егіңіз дегіміз келеді.

          

          

ЛИЦЕЙ ҰСТАЗДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫНА ҮШ БІРДЕЙ ЖОЛДАМАНЫ ЖЕҢІП АЛДЫ!

Жаншуағы, күншуағы арай ма,   

Ұстаз деген әулиедей талайға.      

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл-фараби, Омар Хаям, Абай да.

 Ұстаз…! Ынталылық пен табандылықты жақтаушы,  жақынға да, жатқа да әділ, жақсылық пен ізгілік көрсетуші…

Сәуірдің алғашқы күні – 1 көкек республикалық сатылы педагогикалық олимпиаданың ІҮ  сатысына сәйкес еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын  жас педагогтар, психологтар мен тәлімгерлер  арасында  шымылдығын  түрген  «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» байқауы болып өтті. Педагогтың жеке шығармашылық кеңістігін  шоғырландыруға, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру  тәсілдерін  және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік беретін атаулы доданың басты мақсаты – жас педагог қызметкерлердің  шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім  жүйесін  жетілдіруге  жас  мұғалімдердің  белсенді кәсіби көзқарасын  қалыптастыру еді. Арнайы Сарапшылар тобы мен Әділқазылар алқасы жасақталып, өнерпаз жас мамандардың қабілеттеріне  шынайы баға беріп, шын  жүйрікті анықтад1.

  1. «Педагогикалық дебют» немесе «Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда қойылған сұрақтармен бірге 3-5 минуттық регламентпен таныстыру);
  2. «Панорамалық сабақ» немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы» кезеңі (регламент 5-7 минут);
  3. Жағдаяттар қоржыны (педситуация) бөлімдерінен тұрады.
  4. Портфолио жинағын бағалау;
  5. «Менің сүйікті мамандығым» атты еркін форматты(250 сөзден кем емес көлемде) толғам-эссе жазып, алдын ала ұйымдастырушылар ұжымы арқылы қазылар алқасына өткізу;
  6. «Өнердің өрі – таланттың төрі» (өнерін көрсету 7 минут) – алты кезеңнен тұратын сайыс өте қызық әрі тартысты өтті.

Сайысқа қатысқан сайыпқыран жас ұстаздар өздерінің көпқырлы зор әлеуетін  таныта отырып, әртүрлі  номинациялармен марапатталды.

Дюсембаева Сымбат – биология  пәнінің  мұғалімі;

Бақытжанұлы Бауыржан – химия   пәнінің  мұғалімі;

Хасанов Бекжан – химия  пәнінің  мұғалімі;

Күдербай Айкен – физика  пәнінің  мұғалімі;

Есмұрзаев Сәбит – география  пәнінің  мұғалімі;

Шалқар  Бекзат  – математика  пәнінің  мұғалімі;

Кендірбай Сәуле – ағылшын тілі  пәнінің  мұғалімі;

Тұрсынова Айзат – еңбек-көркемөнер  пәнінің  мұғалімі;

Нұрлан Әйгерім – лицей психологы.

Сондай-ақ ақтық республика көлеміндегі конкурсқа

«Бас жүлде» иегері – Бауыржан Бақытжанұлы,

І орын жеңімпазы – Бекзат Шалқар,

ІІ орын иегері – Нұрлан Әйгерім   тікелей  жолдама  алып, лицей абыройын қорғайтын болады.

«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ іргесін қалап жатқан маман. Өйткені, ел келешегінің кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.

Түйіндей айтқанда, ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.

ФОТОБАЯН  ҰСЫНАМЫЗ!